Мақсаты:
«Bergauf» ПФ-115 алкидті эмалі атмосфералық жағдайларда және үй-жайлардың ішінде пайдаланылатын ағаш, металл, сыланған беттерді бояуға арналған. Жабын тозуға төзімді, атмосфералық құбылыстардың және жуғыш дезинфекциялау құралдарының әсеріне тұрақты болып табылады.
Негіз түрі:
Ағаш, металл, сыланған беттер
Жағу тәсілі:
Қылшақ, білікше, бояу бүріккіш
Шығыны:
8−12 м²/л
Палитра:
Ақ, ашық көк, сары, қоңыр, ашық сұр, көк, пісте түсті, қара, ашық жасыл
Құрамы:
Алкидті шайыр, пигменттер, толтырғыштар, қоспалар, еріткіш
Түсі:
Ақ, ашық көк, сары, қоңыр, ашық сұр, көк, пісте түсті, қара, ашық жасыл
Фотоэлектрлік жылтыр өлшегіш бойынша үлдірдің жылтырлығы:
60%-дан кем емес
1 қабатқа жұмсалатын шығын:
8 — 12 шаршы м/л*
Кебу уақыты:
24 сағаттан кейін**
МЕМСТ сәйкестігі:
6465-2023
*Шығынға боялатын беттің кедір-бұдырлығы мен кеуектілігі, сондай-ақ бояу кезіндегі әдіс пен жағдайлар әсер етеді.
**t +20±2ºС және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50%-дан аспаған кезде.
ПФ-115 «Bergauf» алкидті эмальы атмосфералық жағдайларда және үй-жайлардың ішінде пайдаланылатын ағаш, металл, сыланған беттерді бояуға арналған. Жабын тозуға төзімді, атмосфералық құбылыстардың және жуғыш дезинфекциялау құралдарының әсеріне тұрақты болып табылады.
Белгіленген түстер палитрасында шығарылады: Ақ, ашық көк, сары, қоңыр, ашық сұр, көк, пісте түсті, қара, ашық жасыл
Палитра Бетті дайындау:
Қолданар алдында эмальды мұқият араластыру керек, қажет болған жағдайда уайт-спиритпен сұйылту қажет. Қылқаламмен, білікшемен немесе бояу бүріккішпен жағу керек.
Боялатын бетті алдын ала кірден, тоттан, қабыршақтанған ескі бояудан тазартып, майсыздандыру және кептіру қажет. Бояу алдында бетті ГФ-021 «Bergauf» праймерімен өңдеу ұсынылады.
Сақтау және тасымалдау шарттары
Түпнұсқа тығыз жабылған қаптамада, салқын және балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Кепілді сақтау мерзімі 24 ай.
Кәдеге жарату
Кәрізге, су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз. Банкадағы эмаль қалдықтары толық кепкеннен кейін, оны тығыз жабылған ыдыста тұрмыстық немесе құрылыс қоқысы ретінде кәдеге жаратуға болады.