Құрамы:
Су, сұйық калий шынысы, титан диоксиді, мақсатты қоспалар
Түсі:
Ақ
Жылтырлық дәрежесі:
Терең күңгірт
Тығыздығы:
1,47−1,55 г/см3
Өлшеп-орау:
9л/13 кг
1 м²-ге жұмсалуы (бір қабат):
1л/6−8 м2*
Кебу уақыты:
1 сағат**
Келесі қабатты жағу уақыты:
4−6 сағаттан ерте емес**
Атмосфералық жауын-шашынға төзімділігі:
24 сағаттан ерте емес
Ауа және негіз температурасында жұмыстарды жүргізу:
+5-тен +30°С-қа дейін
Пайдалану температурасы:
-50-ден +70°С-қа дейін
Аязға төзімділігі:
Мұздатуға болмайды
рН:
10,5−12,0
Үгітілу дәрежесі:
60 мкм-ден аспайды
Су сіңіргіштігі:
W3
Жанғыштық тобы:
Г1 (МЕМСТ 30 244)
Тұтанғыштық тобы:
В1 (МЕМСТ 30 402)
Түтін түзу қабілетінің тобы:
Д2 (МЕМСТ 12.1.044)
Жану өнімдерінің уыттылық тобы:
Т1 (МЕМСТ 12.1.044)
(20±2) °С температурада судың статикалық әсеріне төзімділігі:
24 сағат
Бу өткізгіштігі:
V1
Дайын жабынның ылғалды қажалуға төзімділігі (DIN 13 300):
2 класс
*Материалдың жұмсалуы негізді дайындау сапасына, жағу тәсіліне, қолданылатын құралға, жұмысты орындаушылардың біліктілігіне байланысты және көрсетілген мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
**Баяндалған сапа көрсеткіштері мен ұсыныстар қоршаған ортаның +20°С температурасы мен ауаның 60% салыстырмалы ылғалдылығы үшін дұрыс. Басқа жағдайларда кебу және түзету уақыты көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Мақсаты және қасиеттері
А, Б, В типті ғимараттар мен құрылыстардағы сыртқы және ішкі жұмыстарға арналған сұйық шыны негізіндегі қасбеттік сулы бояу. Әк байланыстырғышының үлесі жоғары сылақ негіздері бар тарихи-мәдени мұра нысандарын бояуға, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына оңтайлы.
Температураның ауытқуына, қатты жауын-шашынға жоғары төзімділік, түсін ұзақ уақыт сақтайды. Үлдір түзбейді. Жоғары бу өткізгіштік және сілтіге төзімділік.
Қорғаныс қасиеттері
Зең мен көгеруден қорғау — бояулардың сілтілі табиғаты бетінде микроорганизмдердің дамуына жол бермейді. Өте жақсы адгезия. Бояу минералды бетпен берік химиялық қосылыс түзеді, бұл жабынның ұзақ қызмет ету мерзімін және механикалық зақымдануға төзімділігін қамтамасыз етеді.
Бояу А базасында шығарылады және компьютерлік (машиналық) тәсілмен RAL, NCS және басқа да түс каталогтарының шектеулі түстеріне реңделуі мүмкін. А базасы ашық және пастельді реңктерге реңдеуге арналған, сонымен қатар ақ бояу ретінде де қолданыла алады.
Реңдеу нәтижесіне реңдеуді орындайтын ұйым жауапты болады. Жағу жағдайларына, сондай-ақ боялатын беттің фактурасына байланысты түстердің нақты реңктері түс каталогында көрсетілгендерден сәл өзгеше болуы мүмкін. Қолданар алдында сынақ ретінде жағып көру және кепкен жабынның түске сәйкестігін тексеру қажет.
Реңктегі айырмашылықтарды болдырмау үшін бір визуалды жазықтықта бір өндірістік партияның өнімін пайдалану (партия нөмірі әр қаптамада көрсетіледі) немесе әртүрлі партиялардың материалдарын алдын ала 1:1 пропорциясында араластыру ұсынылады, жағу технологиясы өзгеріссіз қалуы тиіс.
Сақтау және тасымалдау шарттары
Тығыз жабылған ыдыста +5°-тан төмен емес және +30°С-тан аспайтын температурада сақтау және тасымалдау керек. Өнім салынған шелекті шамадан тыс қызудан қорғау және тікелей күн сәулесі түсетін жерде сақтамау қажет. Шарттар сақталған жағдайда, жабық зауыттық қаптамадағы кепілді сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 12 айды құрайды.
Қауіпсіздік
Өнім өртке және жарылысқа қауіпсіз, құрамында тез тұтанатын компоненттер жоқ.