Бетті дайындау:Негізді дайындауды СП 71.13330.2017 сәйкес орындау керек.
- Негізді шаң мен кірден тазарту керек. Бұрын боялған беттерден ескі бояу мен әктің бос қабаттарын алып тастау керек.
- Қатты және берік ұсталатын жылтыр беттерді күңгірт күйге дейін тегістеп ажарлау керек, ажарлаудан қалған шаңды кетіру қажет.
- Бұрын бормен немесе әк бояуларымен боялған беттер толық кеткенге дейін мұқият тазартылуы тиіс.
- Қаптаманың сенімділігін арттыру және грунт-бояу шығынын азайту үшін қарқынды сіңіргіш беттерді алдын ала Bergauf Techno Primer терең енетін грунтымен өңдеу керек.
Жұмыс тәртібі: Боялатын бет құрғақ және таза болуы тиіс, жұмыстарды орындау үшін негіздің температурасы +5°С-тан жоғары, бояуды жағу кезіндегі бөлме температурасы +5°С-тан +35°С-қа дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан төмен болуы керек.
Реңктердегі айырмашылықтарды болдырмау үшін бір партияда шығарылған грунт-бояуды пайдалану ұсынылады.
Грунт-бояуды мұқият араластырыңыз. Араластыруды кең және тегіс планкамен немесе құрылыс миксерімен төмен айналымда, ауа көпіршіктерінің пайда болуына жол бермей, 1−3 минут бойы абайлап жүргізу керек.
Материалды жабық банкіні сілкіп араластыру ұсынылмайды. Тасымалдаудан және/немесе белсенді араластырудан кейін ауа көпіршіктері пайда болған жағдайда, грунт-бояу олар жойылғанша тұруы керек.
Грунт-бояуды дайындалған құрғақ таза бетке қылқаламмен, білікшемен (валикпен) немесе бояу бүріккішпен жағыңыз.
Фактуралық сылақтар, кірпіш, бетон блоктары, бедерлі төбелер сияқты кедір-бұдыр беттер үшін түгінің ұзындығы 12−25 мм білікшелерді пайдалану ұсынылады. Шпатлевкалар, сылақтар, бетон, шыны кенеп, малярлық флизелин сияқты бұдырлы беттер үшін — түгінің ұзындығы
8−12 мм. Гипсокартон, МДФ, ДСП, сәулеттік декор элементтері (ернеулер, молдингтер, төбе карниздері) сияқты тегіс беттер үшін — түгінің ұзындығы 6 мм-ге дейінгі білікшелерді пайдалану керек.
Грунт-бояу қолдануға дайын. Ауасыз бүрку үшін 5−10%-ға сумен сұйылтуға жол беріледі.
Жұмыстарды жүргізу кезінде тікелей күн сәулесінің әсерінен және жоғары ылғалдылық жағдайларынан аулақ болыңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды және құралдарды жылы сумен мұқият жуу керек.
Қауіпсіздік техникасыЖұмыстарды қолды, көзді және тыныс алу жолдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен орындау керек. Жақсы желдетілетін үй-жайларда қолданыңыз.