Мақсаты:Ағашты тегістеуге және антисептикалық өңдеуге арналған. Иіссіз, су негізінде.
Боялған беттегі зеңнің, саңырауқұлақтың, көгерудің және шірудің өсуі мен дамуын тежейтін биоцидтердің күшейтілген кешені бар. Адгезияны жақсартады және әрлеу материалдарының шығынын азайтады.
Грунт өз бетінше жабын болып табылмайды, ол ағашты қорғау жүйесінде Bergauf Wood Techno Aquatint лазурімен немесе Bergauf Wood Techno Aquatop жабушы антисептигімен кешенді түрде бірінші қабат ретінде қолданылады.
Ағаш материалдарын қоймаларда сақтау және тасымалдау кезінде, ағаштың атмосфералық жауын-шашынмен және топырақпен жанасуы болмаған жағдайда, уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) қорғауға жарамды.
Негіз түрі:Араланған, сүргіленген және массивті ағашқа (тұтас, профильді және желімделген біреуіш, цилиндрленген бөрене), соның ішінде термиялық өңделген және қысыммен сіңірілген ағашқа; қаптама тақтайға (вагонка), блок-хаусқа, ЖАҚ (ДСП), АҚТ (ДВП) және әрі қарай лессирлеуші құрамдармен, бояулармен немесе эмальдармен боялатын басқа да ағаш беттер мен конструкцияларға жағылады.
Ғимарат ішіндегі және сыртындағы жұмыстарға арналған.
Жағу тәсілі:- Қолмен (қылшақ, синтетикалық түгі бар білікше)
- Машинамен (бояу бүріккіш)
1 қабатқа жұмсалуы* :9-11 м
2/л сүргіленген ағаш
5-9 м
2/л араланған ағаш
Түсі:Түссіз