Құрамы:
Полимерлі дисперсия, пигменттер, толтырғыштар, функционалдық қоспалар, биоцидтер, су.
Түсі:
Супер ақ
Жылтырлық дәрежесі:
Терең күңгірт
Тегіс сормайтын бет бойынша 1 қабатқа жұмсалуы*:
8−11 м2/л
Тығыздығы:
1,5−1,55 кг/л
«Ұстағанда жабыспайтындай» кебу уақыты**:
0.5 сағат
Келесі қабатты жағу уақыты**:
1 сағат**
Қолдану кезіндегі негіздің температурасы:
+5 °С-тан 35 °С-қа дейін
* Материалдың жұмсалуы негізді дайындау сапасына және оның сіңіргіштік қабілетіне, жағу тәсіліне, қолданылатын құралға, жұмысты орындаушылардың біліктілігіне байланысты және көрсетілген мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
** t (+20±2)°C және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (65±5) %-дан аспаған жағдайда. Температура төмендегенде немесе ылғалдылық жоғарылағанда кебу уақыты ұзаруы мүмкін. Ауа температурасы +15°C-тан төмен немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%-дан жоғары болса, келесі қабатты 24 сағаттан ерте емес уақытта жағу керек.
Мақсаты және қолдану саласы
Бояуды жаңа және бұрын сулы-дисперсиялық бояулармен боялған гипсокартонға; сыланған, шпатлевкаланған, бетон, кірпіш, ЖАП (ДСП), АТП (ДВП), шыны кенеп және тегіс малярлық флизелинге жағуға болады.
Ішкі жұмыстарға арналған.
Қолмен және механикаландырылған тәсілмен жағуға арналған.
Ғимараттар мен құрылыстардың барлық түрлерінде (А, Б, В) қолданылады.
Су негізіндегі колерлеуші пасталардың көмегімен қолмен колерлеуге болады.