Құрамы:
Стирол-акрилді дисперсия, минералды толтырғыштар, пигменттер, функционалдық қоспалар, су
Түсі:
А базасы - ақ, С базасы - мөлдір
Жылтырлық дәрежесі:
Терең күңгірт
Сіңірмейтін бет бойынша 1 қабатқа жұмсалуы:
6 - 8 м²/л*
Сіңіргіш бет бойынша 1 қабатқа жұмсалуы:
4 - 6 м²/л*
Кебу уақыты:
1 сағат**
Келесі қабатты мына уақыттан кейін жағуға болады:
12 сағат**
Қолдану кезіндегі негіздің температурасы:
+5 °С-тан 35 °С-қа дейін
Атмосфералық жауын-шашынға төзімділігі:
24 сағат
*Жұмсалуына боялатын беттің кедір-бұдырлығы мен кеуектілігі, сондай-ақ жағу әдісі мен шарттары әсер етеді.
**t (+20 ± 2)℃ және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (65±5)%-дан аспаған кезде. Ауа температурасы +15 ℃-тан төмен және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%-дан жоғары болғанда кебу уақыты ұзаруы мүмкін - келесі қабатты 24 сағаттан ерте емес уақытта жағу керек.
Қасбеттік акрилді бояу минералды қасбеттер мен іргелерді бояуға, сондай-ақ ылғалдылығы қалыпты және жоғары бөлмелерге арналған. Ғимараттардың іргелерінде негіз тарапынан ылғалдың капиллярлық сорылуы болмауы тиіс.
Ылғалға, жауын-шашынға, УК-сәулеленуге, сілтілер ерітінділеріне, кәсіпорындар мен қалалардың өнеркәсіптік ортасына төзімді жабын түзеді. Қолмен және машинамен жағуға жарамды.
Бояу 2 база — А және С түрінде шығарылады. Су негізіндегі колерлеуші пасталардың көмегімен колерлеуге болады. А базасы ашық және пастельді реңктерге колерлеуге арналған, сондай-ақ ақ бояу ретінде де қолданыла алады. С базасы тек колерленген түрде қолданылады және қанық реңктерге колерлеуге арналған.
С базасындағы ашық түстерге бояу кезінде, алдын ала ұқсас реңкке колерленген А базасының бояу қабатын жағу ұсынылады. Бояуды колерлеу NCS, RAL және басқа да колерлеу жүйелеріне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
Бір бетте реңк айырмашылығын болдырмау үшін партия нөмірі бірдей өнімді пайдалану керек (қаптамадан қараңыз) немесе әртүрлі партиялардың материалдарын алдын ала 1:1 пропорциясында араластыру керек. Колерлеу нәтижесіне колерлеуді орындайтын ұйым жауапты болады.
Жағу жағдайларына, сондай-ақ боялатын беттің фактурасына байланысты түстердің нақты реңктері түс каталогында көрсетілгендерден сәл өзгеше болуы мүмкін. Қолданар алдында сынамалы жағуды орындап, кепкен жабынның түске сәйкестігін тексеру қажет.
Сақтау және тасымалдау шарттары
Тығыз жабылған ыдыста +5°-тан төмен емес және +40°С-тан жоғары емес температурада сақтау және тасымалдау керек. Өнім салынған шелекті шамадан тыс қызудан қорғау және тікелей күн сәулесі түсетін жерде сақтамау қажет. Шарттар сақталған жағдайда, жабық зауыттық қаптамада кепілді сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 24 айды құрайды.
Қауіпсіздік
Өнім өртке және жарылысқа қауіпсіз, құрамында тез тұтанатын компоненттер жоқ.